Размер шрифта:
Өнегелі өмірі ұрпаққа үлгі...» ардагер ұстаз, ғалым Ахметкәрімов Қабылкәрім Ахметкәрімұлының 80 жас мерекесі
05-05-2018 15:12
Өнегелі өмірі ұрпаққа үлгі...» ардагер ұстаз, ғалым Ахметкәрімов Қабылкәрім Ахметкәрімұлының 80 жас мерекесі
  2018 жылдың 5 мамыр күні білім басқармасының басшылығы, ББД оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен, Н.Нұрмақов ММИ базасында өнегелі өмірі ұрпаққа үлгі болар ғалым, ардагер ұстаз, ел ағасы, 60-қа тарта ғылыми еңбектердің авторы, химия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, «Ерен еңбегі» медалінің, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің, «Қарағанды облысының білім саласына еңбегі сіңген қызметкері» белгісінің, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл»
мерекелік медалінің иегері, қазақ еліне жарты ғасыр еңбек еткен Ахметкәрімов Қабылкәрім Ахметкәрімұлының 80 жасқа толған мерейлі мерекесі атап өтілді. Мерекеге жиналған қауым мерей той иесіне ұзақ өмір, денсаулық тілей отырып, еңбек жолына бір шолу жасады.