Үй тапсырмаларын ұйымдастыру және өткізу бойынша зерделеу
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 182 «Қазақстан Республикасында орта білім беру ұйымдарында үй тапсырмаларын ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстарды бекіту туралы» бұйрығының орындалуын зерделеу мақсатында зерделеу жүргізді. Зерделеу Теміртау, Шахтинск қалаларының, Бұқаржырау және Абай аудандарының 11 мектебінде сауалнама түрінде жүргізілді.