ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ЕРЕЖЕСІ-2018
11 мамыр 2018 жылы Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы биология, қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі және әдебиет, физика пәні мұғалімдеріне арналған жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында қорытынды аттестаттауға дайындық бойынша онлайн-семинар өткізді. Педагогтар 2017-2018 оқу жылының қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесімен танысты.