«Заманауи сабақ. Музыкалды -компьютерлік технологиялар» облыстық семинар-практикумы
![«Заманауи сабақ. Музыкалды -компьютерлік технологиялар» облыстық семинар-практикумы](/media/img/blogs/5af91071256d7.jpeg)
2018 жылғы 11 мамырда Шахан ауылы Балалар өнер мектебінің базасында Балалар музыка мектептері мен өнер мектептері педагогтерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында «Заманауи сабақ.
Музыкалды -компьютерлік технологиялар» облыстық семинар-практикумы өткізілді.
Семинар жұмысына Қарағанды, Саран, Шахтинск, Приозерск, Сатпаев қалалары, Осакаров, Бұқар жырау аудандарының Балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің теория, хор және үрмелі аспаптарда үйрету бөлімдерінің 19 педагогі қатысты.