Размер шрифта:
Қарағанды облысы жалпы білім беретін мектептердің бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімдері үшін «Сиқырлы әлем» облыстық байқауын өткізді.
15-05-2018 15:07
Қарағанды облысы жалпы білім беретін мектептердің бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімдері үшін «Сиқырлы әлем» облыстық байқауын өткізді.

  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Шахтинск қаласындағы «А. Исмаилов атындағы балалар көркемөнер мектебі» КМҚК-мен бірлесе отырып, 2018 жылғы 15 мамырда Қарағанды облысы жалпы білім беретін мектептердің бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімдері үшін «Сиқырлы әлем» облыстық байқауын өткізді.

Байқау аясында Шахтинск қаласының «А. Исмаилов атындағы балалар көркемөнер мектебі» КМҚК-нің педагогі Ермишина В. А. «Сурет салу сабағындағы диатипия және станокты құру» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Байқауға облыстан 48 педагог қатысты.

Байқау әділқазылары байқаудың келесі жеңімпаздарын анықтады:

1 орын - Искаковав Рада Сериковна,  «№1 Гимназия»КММ , Шахтинскқ.;

орын - Маханов  Абдысалям Жилкибаевич,   «№79ЖББОМ» КММ, Қарағанды қ.;

орын - Шайхин Жаслан Жолтаевич, «Ботақара НОМ»КММ, Бұқар жырау ауданы.

Номинацияларда дипломдармен марапатталды:

-«Ерекше техника» номинациясы  - Ионова Светлана  Юрьевна, «№32ЖББОМ»  КММ, Қарағанды қ;

-  «Заттардың мазмұнын көрсету» номинациясы- Любимова Елена Викторовна,  «№87ЖББОМ»КММ,Қарағанды қ.;Қашанов  Нұрсұлтан Талғатұлы, Шет ауданы, Ағадыр ауылы,  «Ю. Гагарин атындағы мектеп-лицей» КММ.