Қосымша білім беру педагогтеріне арналған семинар
2018 жылдың 16 мамырда КМҚК «Топар кенті балалар өнер мектебінде» облыстық семинар өткізілді.
Семинар жұмысына директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, қосымша білім беру ұйымдарының балалар музыка мектептері, өнер мектептері педагогтары қатысты. Барлығы 38 адам.
Семинар бағдарламасында: ашық, панорамалық сабақтар, флейта, скрипка, домбыра, дәстүрлі ән, бейнелеу өнері және сольфеджио пәндері бойынша шебер сабақтары ұсынылды.