«Тиімді кәсіби бағдар. Мамандық таңдаудағы сауатты тәсіл» авторлық семинар-тренингі
2018 жылдың 16-18 мамырында Қарағанды технология және сервис колледжінде «Тиімді кәсіби бағдар. Мамандық таңдаудағы сауатты тәсіл» авторлық семинар-тренингі өтіп жатыр. Тренингті халықаралық деңгейдегі маман, практикалық психология және кәсіби бағдар берудегі жетекші маман Царско Александр Александрович өткізіп жатыр. Тренингтен алынатын дағдылар қатысып жүрген психологтар мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына колледжде кәсіби бағдар беру жұмысын тиімді ұйымдастыра алуды ғана емес, сонымен қатар әртүрлі жобаларды жүзеге асыру үшін топты дұрыс құра алуға үйретеді.
Семинарда оюлыстың колледждері мен мектептерінен 50 адам қатысып жатыр.