«Асырап алушы ата-аналар мектебі: жұмысты атқару және қамтамасыз ету» тақырыбында ақпараттық-тәжірибелік семинардың I модулін өткізді.
2015 жылдың 24, 25 ақпанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының базасында ҚББжҰТИДбөлімінің әдіскерлері Копбаева Г.С., Абишева Г.З., Павлова И.В. «Асырап алушы ата-аналар мектебі» жобасына қатысушыларға «Асырап алушы ата-аналар мектебі: жұмысты атқару және қамтамасыз ету» тақырыбында ақпараттық-тәжірибелік семинардың I модулін өткізді.
Семинарға Асырап алушы ата-аналар мектебі жобасына қатысушы балалар үйлерінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, психологтар және заңгерлер қатысты.
Семинар бағдарламасы 2 базалық блокқа бөлінген, Асырап алушы ата-аналар мектебінің қызметін ұйымдастыруға бағытталған.