«Айбар» жобасын жүзеге асыру семинары
15-05-2018 12:32
«Айбар» жобасын жүзеге асыру семинары

 2018 жылғы 15 мамырда«Молодежный селосының №26 ОМ базасындағы Тірек мектебі (РО)» КММ-де «Айбар» жобасын жүзеге асыру аясында«Жалпыұлттық «Мәңгілік» ел идеясын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектеп оқушыларын азаматтық-патриоттық тәрбиелеу» облыстық семинары өтті.

  Семинар барысында  730 мұражайлық экспонат жинаған «Менің кіші Отаным»атты мектеп мұражайының ашылу салтанаты болып өтті.

  Семинарға «Айбар» жобасына қатысушылар, Осакаров ауданы білім беру ұйымдарының 34 тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, жергілікті Әкімдіктің өкілі, «Аналар кеңесінің» мүшелері, аудандық ««Сельский труженник» газетінің журналистері, «Бұйратау» ұлттық паркінің мамандары, «Разрез Борлы» ЖШС-нің кәсіподақ төрағасы  Сулейменов Н.К.,  аудандық білім бөлімінің бас маманы Усачева М.М. қатысты.