2018 жылдың 21 мамырында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында физика пәнінің мұғалімдері үшін «Кәсіби мұғалімдер желісі» байқауы өткізілді.
Байқау «Шекарасыз білім беру» жобасы аясында тек қана талантты жұмыс істеп қана қоймай,сабақ үдерісінде сандық технологияларды және интернет ресурстарын үздік қолданатын дарынды және белсенді мұғалімдерді анықтау мақсатында жүргізілді.
Байқау барысында мұғалімдер желілік қоғамдастық арқылы өздерінің интерактивті электрондық құралдарымен, видеосабақтарымен, сабақ жоспарларымен, үлестірме материалдарымен, тестік тапсырмаларымен, бақылау жұмыстарының материалдарымен, қалыптастырушы, жиынтық жұмыстардың материалдарымен, функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған материалдарымен, виртуалды зертханалық, практикалық, эксперименттік жұмыстарымен, үштілділік бойынша материалдарымен бөлісіп, өзара тәжірибе алмасты.
Байқауға барлығы 75 мұғалім қатысты.