Өзін-өзі қорғау халықаралық стандартының аккредиттелген бағдарламасының бірінші деңгейлік нұсқаушылық екі күндік курсы
Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы халықаралық жекпе-жек академиясымен бірге ұйымдастырған дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне IAMA және IUMA қауіпсіздік саласындағы әлемдік жетекші ұйымдардың өзін-өзі қорғау халықаралық стандартының аккредиттелген бағдарламасының бірінші деңгейлік нұсқаушылық екі күндік курсы 2018 жылдың 22 мамыр басталды. Курс 22-23 мамыр аралығында Қарағанды қаласы, Халықаралық жекпе-жек академиясы базасында өткізіледі. Курсқа Қарағанды облысының 13 дене шынықтыру пәні мұғалімдері қатысуда. Курс аяқтағаннан кейін IUMA «Self-defense & Protection №200518» бағдарламасына сәйкес халықаралық деңгейдегі сертификат беріледі.