25 мамыр 2018 жыл Қарағанды облысының оқу-әдістемелік білім беруді дамыту орталығының «Теміртау қаласы МКҚК №2 «Жұлдыз» бөбекжайы» негізінде мына тақырыпта: «Балабақша: креативті тұлғаға инновациялар арқылы» тәжірибе алмастыру семинары өткізілді.
Семинар мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлерінің шығармашылық инновациялық технологияны қолдану бойынша, кәсіби құзыреттіліктерін көтеру, мектепке дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту.
Семинардың бірінші жартысында "LEGO – құрастыру ойнайық та, ойлайық" тұсаукесері көрсетілді, балабақша әдіскері мектепке дейінгі балалардың шығармашылығын дамытуда инновациялық технологияның рөлін ашты. "LEGO – құрастыру ойнайық та, ойлайық" жұмыс тәжірибесімен ересектер тобы тәрбиешісі көрсетті.
Бұдан әрі балалардың әртүрлі креативті қабілеттерін дамыту жөніндегі мастер-класстар көрсетілді.
Күннің екінші жартысында семинар тыңдаушылары «Креативтілік – мектепке дейінгі заманауи педагогтің кәсіби құзыреттілік компоненттерінің бірі болып саналады»іскерлік ойын элементтеріне қатысып, өз инновациялық технологияларын әзірледі. Ойын барысында педагогтар стандартты емес заттарды пайдалана отырып, инновациялық жобаны креативті шеше алды.
Саран, Шахтинск, Теміртау қалаларымен Абай, Осакаровка, Нұра аудандарынан 24 педагог семинарға қатысты.