Халықтың компьютерлік сауаттылығы
2018 жылдың 28-29 мамыр аралығында 2017 жылдың 12 желтоқсан айының Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген қаулысы бойынша, «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының 88 б. аясында «Халықтың компьютерлік сауаттылығы» оқыту семинары өткізілді.
Курс 2018 жылдың маусым айынан бастап тамыз айына дейін халықты одан әрі оқыту үшін облыстаң 36 тренерлерді оқыту мақсатында өткізілді.
Оқыту 4 базалық сандық дағды бағдарламасы бойынша жүргізілді:
- Базалық сандық дағды;
- Ашық үкімет;
- Электрондық мемлекеттік қызметтер;
- Электрондық сауда.
Оқытуды білім беру дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» АҚ бірлесіп өткізді.