«Ауыл шаруашылықтағы инновация: қазіргі жағдайы және болашағы» атты ғылыми-теориялық конференция
24-05-2018 17:19
«Ауыл шаруашылықтағы инновация: қазіргі жағдайы және болашағы» атты ғылыми-теориялық конференция
2018 жылдың 24 мамырында  «Қарағанды агротехникалық колледжі» КММ-де «Адами капиталды дамыту негізі ретінде қоғамдық сананы жаңғырту» VІ облыстық ғылыми-практикалық конференция шеңберінде «Ауыл шаруашылықтағы инновация: қазіргі жағдайы және болашағы» атты ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференцияға «Ауыл шаруашылығы» бағыты бойынша оқытушылар, өндіріс шеберлері, студенттер қатысты. 
Конференцияның «ҚР ауыл шаруашылығының мәселелері мен даму перспективалары» бағытында 13 қатысушы баяндамаларын ұсынды. 
Сонымен қатар, «Жобалау қызметі (модельдер, макеттер көрсету)» бағытында «Қарағанды агротехникалық колледжі» КММ  7 студенті және «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ 1 студенті  жобаларын көрсетті. 
Конференцияның барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.