«Сөйлеуінде ауыр бұзушылық бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат»
2015 жылдың 26 ақпанында Теміртау қаласының «Сөйлеуінде ауыр бұзушылық бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат» ҚММ базасында арнайы (түзету) білім ұйымдарының және балалар үйлерінің логопедтері үшін «Сөйлеуінде ауыр бұзушылық бар балаларға арналған мектеп-интернат жағдайында оқу-тәрбие үрдісін логопедтік сүйемелдеу» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өткізілді.
Семинар шеңберінде 6 ашық сабақ, 2 топтық және 2 жеке логопедтік сабақтар, сабақтан тыс «Әнді ойлап тап» шаралары өтті.
Семинар қатысушылары мектеп-интернаттың оқу жоспарының және тәрбие потенциалының ерекшеліктерімен танысты.
Семинарға ҚО ББД ОӘО ҚББжҰТИД бөлімінің әдіскері Абишева Г.З. қатысты.