Кәмелет жасқа толмағандар арасында суицидтің алдын алу жобасын жүзеге асыру бойынша семинар-кеңес
2018 жылдың 19 маусымында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының базасында Қарағанды облысында 2017-2018 оқу жылында кәмелет жасқа толмағандар арасында суицидтің алдын алу жобасын жүзеге асыру қорытындысы бойынша семинар-кеңес өтті.
Семинарға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің жобаны жүзеге асыруға сүйемел көрсететін әдіскерлері, шебер-жаттықтырушылар, мектептер мен колледждердің педагог-психологтері қатысты.
Жұмыс қорытындысы бойынша 2018-2019 оқу жылында жобаны жүзеге асыру бойынша нұсқаулықтар жасалды.