2015 жылдың 4 наурызында Балқаш қаласында қосымша білімнің және вариативті компоненттің оптималды құрылымы арқылы таңдау бойынша курстардың, факультативтердің, үйірмелердің, қолайлы жағдай жасау үшін студиялардың бағдарламасын жасау арқылы оқушылардың сұраныстары және икемділіктерін ескере отырып вариативті құрылымды толықтыруды ұсыну мақсатында инновациялық білім мекемелерінің ашық есік күні өтті.
Ашық есік күнін өткізу барысында оқушылар №15 мектебінде «Таңшуақ» мини-центрінің, оқушылардың кәсіптік бағдарлары бойынша шығармашылық зертханаларының жұмыстары ұсынылған «Табыс мектебімен» - оқуға жоғары ынталандыру», виртуалды педагогикалық зертханамен танысты.
Қалалық гимназияда бастауыш сынып оқушыларымен «Оқу шаттығы» облыстық жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар және әдеби қонақ үйінде Б. Шоу «Пигмалион» пьесасы бойынша қойылым көрсетілді.
№4 мектепте инновациялық-бағдарлы қала педагогтары қауымдастығының, мектептік көшбасшылық және басқару, тұлғаның әлеуметті даму мектебінің жұмыстары көрсетілді.
№7 мектеп-гимназиясы жаратылыстану зертханасы, «Тіл дамыту», «Мәңгілік ел» әдеби салоныныңжұмыс техникалары арқылы жеке-бағдарлы білім алу технологияларын ұсынды.
№2 лицей Олимпиадалық резерв орталығының жұмысын ұсынып, «Болашақ лицейдің моделі» жобасын көрсетті.
Аяқталар алдында талдау жүргізіліп, қатысушылармен Балхаш қаласының инновациялық білім мекемелерінің ашық есік күнінің өтуіне жоғары баға берілді.