Қарағанды облысының білім басқармасы, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2018 жылдың 11-12 тамыз күндері «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда тәрбие берудің жаңа үрдістері» атты облыстық ата-ана форумын өткізді.
Ата-ана форумы бала тәрбиесіне қатысты білікті мамандардан көмек алу, тәжірибе алмасу мен өзара қарым-қатынас алаңына айналмақ.
Форумда семинар мен тренингтерді білікті мамандар жүргізді:
- Царско Александр Александрович - Ресей федерациясының кәсіби психологі, соционканы дамыту, практикалық психология қарым-қатынастары, тиімді коммуникация, когнитивті стил, кәсіби бағдар беру бойынша 50-ден астам тренингтік бағдарламалардың авторы;
- Осиенко Олег Валерьевич – скэнар, РФ кинезиологі, тәжірибелі кинезиолог, практикалық және қолданбалы кинезиология саласында сертификатталған жалғыз маман;
- Мусабеков Бакыткали Мухамедкалиевич – ҚР журналистер Одағының мүшесі, ҚР кәсіптік-техникалық білім үздігі.