Жыл қорытындысын шығару және жаңа оқу жылына жұмыс жоспарлау бойынша кеңес өтті
2018 жылдың 15 тамызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы қалалық, аудандық әдістемелік кабинет меңгерушілерінің, мамандандырылған мектеп-интернат директорлары орынбасарларының қатысуымен семинар-кеңес өткізді. Семинар-кеңесте мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бағыттарындағы әдістемелік жұмыстың, «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың, цифрлеудің қорытындылары шығарылды. Қатысушылармен 2018-2019 жылдың Әдістемелік – нұсқаулық хаты, жаңа Типтік оқу жоспарлары, «Өлкетану» курсын енгізу, «Bilimal» электронды ресурсы талқыланды.