2018 жылдың 23 тамызында Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде тамыз кеңесінің Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының секциясын өткізді. Отырыстың тақырыбы: «Білім берудегі басым құндылықтар негізінде тұлғаның қалыптасуы, дамуы және кәсіби жетілуі бойынша колледждер жұмысының жүйесі». Жиынға 35 директордың орынбасарлары қатысты. Секция отырысын ҚО ББД ОЭО директорының орынбасары Асакаева Д.С. ашты.
Отырысты адами капиталдың жалпы тұжырымдамасы мен түрлері түсіндіре отыра ҚО ББД ОЭО әдіскері Любчанская Т.В. бастады.
«Рухани жаңғыру» жобалау кеңсесінің бас менеджері Мұсабеков Б.М. «Заманауи білім берудегі көшбасшылықтың рөлі» мастер-классын көрсетіп, «Көшбасшы болуға үйренейік», «Мақсатқа жету технологиясы» , «Шешендік өнер әліпбиі» атты кітаптарын таныстырды. Конференция қатысушылары Кәсіби өсу мектебінің бағдарламасына Мусабеков Б.М.-ның авторлық тренингін еңгізу ұсынылды.
Келесі кезекте «Қарағанды жоғарғы политехникалық колледжі» КМҚК педагог-психологы Серикова С.К.«Қазіргі замандағы білім беру үрдісінің жетістік көрсеткіштері» тренингін өткізді. Тренинг барысында табысты адамның бейнесі сипатталып , тәрбие жұмысының бағыттары көрсетілді.
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, NOMAD MMA ұлттық стилінің негізін қалаушы, жаттықтырушы Сергей Ан , Қамқоршылық кеңесінің мүшесі ретінде,тәуекел топқа енген балалармен жүргізген жұмыстары жайлы айтып өтті.
Соңғы кезекте ҚО ББД ОЭО әдіскерлері Любчанская Т.В., Филипчук П.В. директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының жоспарлы-есеп құжаттарын автоматтандыруға мүмкіндік беретін бағдарлама ұсынды. Колледждерде АЖО шұғыл еңгізу мақсатында 2018 жылдың 1 қыркүйегіне дейін оқыту семинарын өткізу ұсынылды.
Отырыс барысында өткізілген сауалнама нәтижесі бойынша ОӘБ-нің жаңа оқу жылына арналған жұмыс бағыттары анықталды.