2018 жылдың 23 тамызында "Көпсалалы гуманитарлы-техникалық колледжі" ЖММ-сі базасында облыстық тамыз конференциясының "Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту арқылы адами капиталды дамыту" тақырыбында Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының оқу және оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарлары секциясы өтті. Отырысқа 25 оқу ісі орынбасарлары және 17 оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Секция отырысын ҚО ББД ОӘО директорының орынбасары Асакаева Д.С алғы сөзімен бастап, "Өнеркәсіптік революциясына шолу, төртінші өнеркәсіп революциясының мәні" тақырыбында баяндама жасады. Әрі қарай "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ТжКББ жүйесі арқылы адами капиталды дамыту" сұрағы бойынша ҚО ББД ОӘО әдіскері Альханова А.Т. баяндама жасады. Үшінші сұрақ бойынша ҚО ББД ОӘО ТжКББ бөлімінің басшысы Нартова Т.Г. ТжКББ саласын реттейтін бағдарламалық және нормативті-құқықтық актілерге шолу жасады.
Сонымен қатар, ҚО ББД ОӘО директорының орынбасары Асакаева Д.С. қатысушылармен кәсіпкерлікті және бизнес инкубаторларын дамыту мәселесін талқылады.
Әр сұрақ бойынша қатысушылар сұрақтар қойып, жауаптар алды.
Отырыс соңында қорытынды, талқылау және сауалнама жүргізілді.
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының оқу және оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарлары секциясы