3-ші сыныптың жаңартылған білім беру мазмұнының оқу бағдарламаларының ерекшеліктері
24 тамыз күні Қарағанды қаласының №93 гимназиясының базасында үшінші сынып мұғалімдері үшін «3-ші сыныптың жаңартылған білім беру мазмұнының оқу бағдарламаларының ерекшеліктері» тақырыбында тамыз секциялық отырысы өтті.
Жұмыс барысында Қарағанды қаласынык Назарбаев Зияткерлік мектебінің, пилоттық мектептердің мұғалімдерімен, мектеп тренерлерімен, Педагогикалық шеберлік орталығы тренерлерімен саралап оқытуды ұйымдастыру, жаңартылған білім беру мазмұнының бағдарламаларын, үшінші сыныптарда жүзеге асырылатын пәндер бойынша критериалды бағалау жүйесін түсіндіру бойынша шеберлік сыныптары өткізілді.
Семинарға Қарағанды облысының 500 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.