2018 жылдың 6 қыркүйегінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында инклюзивті білім берудегі республикалық пилоттық жоба бойынша инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үйлестірушілеріне оқыту семинары өткізілді. Семинарға 22 үйлестіруші қатысты.
Семинар барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді оқыту кезіндегі оқыту-жоспарлау және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу құжаттары бойынша ортақ талаптар құрастырылып, қаралды. Сонымен қатар, мүмкіндіктері шектеулі балалар арасындағы «Абилимпикс» аймақтық кәсіби шеберлік сайысының мүмкін болатын құзыреттіліктер мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар мектеп оқушыларын кәсіби сынамадан өткізу бағыттары сияқты сұрақтары талқыланды.