2018 жылдың 21-22 қыркүйегі аралығында колледж оқытушылары үшін Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен «Атамекен » ӨКП бірлесіп ұйымдастырған «Қолданбалы кәсіпкерлік» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өтті.
Дәрісті «Атамекен » ӨКП-ның Қарағанды облысы бойынша іскер әйелдер Кеңесінің төрағасы , «Про бизнес ОО» ЖШС-нің меншік иесі Кульмагамбетова Ж.Ж. жүргізді. Оқытушылар кәсіпкерлік қызметтің соңғы үрдістерімен, бизнес-жоспарлаумен және Қазақстан Республикасындағы стартаптарды қолдаудың мемлекеттік құралдарымен танысты. Тыңдаушылар алған ақпарат өз оқу орындарының кәсіпкерлік қызметін одан әрі дамытуға көмектесетіндей өзекті және танымдық болғанын атап өтті. Бұл оқыту облыстың 10 колледждерінің бірінші тобы үшін ғана ұйымдастырылды. Осындай семинарлар біздің өңірдің басқа да ТжКБ оқу орындары үшін өткізілетін болады.