Размер шрифта:
«Білімал. Педагогикалық аттестаттау» жобасы бойынша оқыту курстары
28-09-2018 17:09
«Білімал. Педагогикалық аттестаттау» жобасы бойынша оқыту курстары

2018 жылдың 26-28 қыркүйегі аралығында ҚО ОӘО базасында «Білімал. Педагогикалық аттестаттау» жобасы бойынша оқыту курстары өткізілді.

«Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Білімал. Педагогикалық аттестаттау» аймақтық жобасын енгізу бойынша білім беру бөлімдерінің педагогикалық аттестаттауға жауапты мамандары мен «Білімал» жүйесіне жауапты әдіскерлерге арналған оқыту курстарын өткізді.

Оқу курсының аясында 62 тыңдаушы «Білімал. Педагогикалық аттестаттау» модулін оқыды. Курсқа қатысушылар бұл модуль қағаз құжаттамасын азайтатыны және педагог қызметкерлерді аттестаттауды автоматтандыратыны, сонымен қатар педагогикалық қызметкерлер үшін модульдің маңыздылығын атап өтті.