2018 жылдың 5 қазанында Облыстық өлкетану мұражайының ғимаратында Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Иманғалиев Есенғазы Нұртөлеуұлының қатысуымен «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» республикалық жоба аясындағы кітаптардың тұсаукесері өтті.
Кездесуге «Kantai Translations» агенттігінің директоры Абдразаков Асқар Серікұлы және Bill Bailey Publishers' Representatives компаниясының басқарушы серіктесі Мэтт Парсонс, сондай-ақ Қарағанды облысы колледждерінің директорлары қатысты. Асқар Серікұлы өз сөзінде қазіргі таңда әлемнің жетекші оқу орындары әзірлеген және әлемдік рухани саланың ажырамас бөлігі болып табылатын оқулықтарды қазақ тілінде «сөйлету» аса өзекті мәселе екенін атап өтті.
Сондай-ақ, «Kantai Translations» агенттігі мен Қарағанды облысының Білім басқармасы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Тұсаукесер аясында облыстың 40 колледжіне аударылған кітаптар бөлініп, Қарағанды облысына сыйлыққа 2 жинақ берілді.