2018 жылдың 12 қазанында ТжКББ ұйымдарының басшылары мен инженерлік-педагогикалық қызметкерлер үшін «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ ұйымдастырған біліктілікті арттыру курстары аяқталды. Біліктілікті арттыру курстарын өткізудің мақсаты инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің және ТжКББ ұйымдары басшыларының колледждердің оқу процесіне жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу бойынша практикалық білімдері мен дағдыларын, кәсіби құзыреттерін қалыптастыру және дамыту болып табылады.
2018 жылдың 1 қазаны мен 12 қазаны аралығында директорлар орынбасарларын және колледж әдіскерлерін қоса алғанда 60 оқытушы оқытылды.
Біліктілікті арттыру курстары келесі тақырыптар бойынша өтті:
1. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инклюзивті оқыту процесінің негізгі аспектілері мен шарттары;
2.CLIL (КЛИЛ), TLT (ТЛТ) әдістерін және BOPPPS моделін біріктіру негізінде арнайы пәндерді (модульдерді) ағылшын тілінде оқыту;
3. Білім беру ұйымдарының әдіскерлері, оқу-әдістемелік кабинеттер, оқу-әдістемелік орталықтар және ТжКББ бөлімдерінің қызметкерлерінің қызметінде инновациялық білім беру технологияларын іске асыру.
Ұйымдастырушылардың, жаттықтырушылардың, оқытушылардың екі апта бойы бірлескен еңбегі ТжКББ жүйесінде оқытудың жаңа қағидаттары мен әдістемелерін оқытуға бағытталды.