Колледж директорларының оқу және оқу - өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасарлары үшін 2018 жылдың 12 қазанында Қарағанды коммерциялық колледжі базасында «ТжКББ ұйымдарында білім беру үрдісін нормативтік-құқықтық сүйемелдеу» тақырыбында облыстық әдістемелік бірлестіктің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс барысында ББД ОӘО ТжКББбөлімінің меңгерушісі Т. Г. Нартова облыс колледждерінде модульдік оқытуды енгізудің нәтижелері мен перспективаларын баяндады. Сондай-ақ, ол ТжКББ саласынреттейтін нормативтік-құқықтық актілерді қарастырып өтті.
Қолданыстағы заңнаманың өзгеруін ескере отырып, колледждерде білім беру қызметін лицензиялау мәселелерін түсіндірумен Қарағанды облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің бас маманы Г. Ш. Шалхарбекова сөз сөйледі.Оның сөз сөйлеу барысының екінші бөлігі колледждерде қамқоршылық кеңестерді ұйымдастыру және қызметі мәселесі бойынша болды. Қатысушылар проблемалық жағдайларды белсенді талқылап, барлық қызықтырған сұрақтарға жауап алды.