Размер шрифта:
«Колледж жағдайында ақыл-ойы бұзылған жасөспірімдерді оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың негізгі аспектілері» тақырыбында семинар-практикумы
23-10-2018 14:51
«Колледж жағдайында ақыл-ойы бұзылған жасөспірімдерді оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың негізгі аспектілері» тақырыбында семинар-практикумы

2018 жылдың 23 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында колледж оқытушыларын келесі оқу жылына ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қабылдауға дайындау мақсатында «Колледж жағдайында ақыл-ойы бұзылған жасөспірімдерді оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың негізгі аспектілері» тақырыбында семинар-практикум өтті.  Семинарға А.Естемесов «Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ маманы қатысты, ол мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жұмысқа орналастыру бойынша қалада қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Е. А. Долгих, «Қуаныш» КМҚК балбөбек бақшасының дефектолог - мұғалімі, логопед, «Ерте және мектепке дейінгі жастағы ақыл-ойы бұзылған балалардың даму ерекшелігі» тақырыбында өз  тәжірибесімен бөлісті.

И. А.Селихова»  «Облыстық психо-неврологиялық диспансер» КМҚК балаларды психологиялық-түзету бөлімшесінің меңгерушісі «Ерте мектеп және жасөспірім кезеңіндегі интеллектісі бұзылған балалардың психологиялық ерекшеліктері» баяндамасымен сөз сөйледі.

Семинар барысында қатысушылар техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша интеллектісі бұзылған тұлғаларды оқыту үшін арнайы білім беру бағдарламаларын құрастыру жайында  тәжірибе  алды.