2018 жылдың22-24 қазанайында Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылғанмектеп-интернатының базасында орыс тілі мен ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Мәдениет пен қоғамдағы тілдік өмір: мектептегі көптілді тұлғаны қалыптастыру мәселелері» тақырыбында аймақтық семинар өтті. Семинар қатысушыларына Ресей халықтар достығы университетінің мемлекеттік үлгідегі куәліктері берілді.
Оқытуды филология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей халықтар достығы университетінің гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің орыс тілі және мәдениетаралық қарым-қатынас кафедрасының меңгерушісі Синячкин Владимир Павлович пен Халықаралық деңгейдегі профессор, филология ғылымдарының докторы, Бахтикерева Ұлданай Мақсұтқызы өткізді.
Семинарға Қарағанды облысы, Абай, Қарағанды, Жезқазған, Балхаш, Саран, Сәтпаев, Теміртау, Шахтинск, Жанаарка, Ұлытау, Осакаровска, Шет қалалар мен аудандарының колледждері, гимназиялары, лицейлері, ресурстық орталықтары, мектептерінің 62 мұғалімі қатысты.