Химия және биология пәндері оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы
![Химия және биология пәндері оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы](/media/img/blogs/5bd94c5a6e49a.jpg)
2018 жылдың 30 қазанында "Қарағанды теміржол колледжі" базасында химия және биология пәндері оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Отырыста колледждің оқу үрдісінде модульдік оқыту технологиясын қолдану, зертханалық - тәжірибелік жұмыс түрлері және 2018-2019 оқу жылына арналған жұмыс жоспары сияқты өзекті мәселелер қаралды. Біздің облыстың 25 колледжінен 30 оқытушы қатысты.