2018 жылдың 31қазанында Қарағанды қаласының №92 гимназиясында Қарағанды қаласының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен әдістемелік бірлестіктер жетекшілері, бастауыш сынып мұғалімдері үшін «Жаңартылған білім мазмұнын ендіру жағдайында критериалды бағалауды енгізудің мүмкіндіктері мен болашағы»тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: критериалды бағалау мен оқытудың белсенді әдістерін іске асыру бойынша тәжірибе алмасу.
Семинарпікірталас және шеберлік сабақтары форматында өткізілді. Бұл шараларды Бұқар жырау ауданының Елтай орта мектебі, Қарағанды қаласының №101 мектеп-лицейі, № 39 гимназиясы, Шахтинск қаласының №1 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері семинарға қатысушылармен бірлесіп, критериалды бағалаудың әдістерін, жаңартылған білім мазмұны жағдайында жетілдіру жолдарын практикада қалай қолдану керектігін талдады.
Белсенді оқыту әдістерін талдау үдерісі кезінде педагогтар сабақты жоспарлауда оқушылардың танымдық іс-әрекетін жандандыру үшін белсенді әдістер мен деңгейлік дифференциация тәсілдері өте қажет деген қорытындыға келді.
Семинар жаңартылған білім мазмұны жағдайында педагогикалық практикада білім беру сапасының тиімділігін арттыру үшін семинарда алынған тәжірибе мен оны болашақта қолдану туралы түсінік берілген ұжымдық рефлексиямен аяқталды.
Семинарға Абай, Бұқар жырау, Осакаровка, Ақтоғай, Қарқаралы, Нұра, Ұлытау, Шет, Жаңаарқа аудандарының және Саран, Жезқазған, Сәтбаев, Приозерск, Теміртау, Балқаш, Шахтинск, Қарағанды қалаларының бастауыш сынып мұғалімдері мен әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысты.