2018 жылдың 31 қазанынан 2 қарашасы аралығында Күзгі мектеп шеңберінде облыстық білім беру ұйымдары басшыларын дайындау бойынша жылдық оқу курсының 1 модульдік курсы өтуде.
Сабақтарда ЭЫДҰ стандарттарына негізделген адами капиталдың сапасын арттыру, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, 2016-2019 жж. арналған білім беру мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, типтік оқу бағдарламалары, педагогикалық және әдістемелік кеңестердің рөлі мен жұмысы туралы мәселелерді мектептерде қамту және т.б тақырыптар төңірегінде сұрақтар қарастырылады. Қарағанды облысының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары тыңдаушыларды Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының өзгеруімен таныстырады.
Курсқа 5 қаладан (Теміртау, Жезқазған, Шахтинск, Балхаш, Сәтпаев) және 5 ауданнан (Осакаров, Абай, Шет, Ақтоғай) директордың кадр резервіндегі 26 педагог оқытушы қатысып жатыр.