Размер шрифта:
VII облыстық «Өнерлі шебер» шебер-сынып шығармашылық практикумы
02-11-2018 17:45
VII облыстық «Өнерлі шебер» шебер-сынып шығармашылық практикумы

2018 жылдың 1 қараша күні Облыстық бейнелеу өнері мұражайында Қарағанды қаласының №1 балалар көркемөнер мектебінің 50 жылдығына арналған «Өнерлі шебер» атты VII облыстық шығармашылық практикумы өтті.

Іс-шараға балалар көркемөнер мектептерінің, өнер мектептерінің және көп салалы білім беру ұйымдарының көркем-эстетикалық бағытындағы қосымша білім беру педагогтары қатысты.

Практикумдар мен шебер-сыныптарды Қарағанды Суретшілер Одағының мүшесі, Халықаралық кәсіби суретшілер ассоциациясының мүшесі А. М. Шапошев және Қарағанды қаласының №1 балалар көркемөнер мектебінің педагогтары Орлова А. Н., Брагина О. В., Калышева Г. Г. жүргізді.