"Кәсіби өсу сатысы" жас басшылар мектебі.
09-07-2014 06:24

"Кәсіби өсу сатысы" жас басшылар мектебі.12.06.2014

      Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласындағы 11-тапсырмасында «ОРТА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ДИРЕКТОРЛАР КОРПУСЫНЫҢ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ЖӨНІНДЕ» берген тапсырмасын іске асыру мақсатында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында 2013 жылы қыркүйек айында «Кәсіби өсу сатысы» жас басшылар мектебі ашылды.

     Жас басшылар мектебінің мақсаты: білім беру ұйымдарын басқаруда жас басшылардың теориялық білімдерін жетілдіре отырып, практикалық шеберлігін ұштастыруда әдістемелік көмек көрсету.

 

 

 

 

2014 жылдың 11 маусымында «Жас басшылар» мектебінің  алғашқы 48 тыңдаушылары бітіріп шықты. Бағдарламаның қорытындысы бойынша  емтихан тапсырды. Қарағанды облысының білім басқармасының басшысы Қ.Аймағанбетовтің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Отырыс барысында осы курстың қажеттілігі, қазіргі таңдағы білім саласындағы өзекті мәселелер талқылады. Басқаруды ұйымдастыру басшы біліктілігіне байланысты екенін айта отырып, басқарудың барлық буынында менеджмент саласын меңгеру, білім сапасын арттыру мақсатқа жеткізетін тиімді әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау қажеттілігіне тоқталды. «Жас басшылар» мектебінің жұмысын осымен аяқталмайтын айтып, әр басшыға мектептің даму бағдарламасын жасау ұсынылып, еңбектеріне табыс тіледі.