Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдернің облыстық семинары
2018 жылдың 7 қарашасында Шахтинск қаласының №3 жалпы білім беру мектебінің базасында аймақ ұстаздарының шығармашылық мүмкіндігін көрсету мақсатында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін ««Жаңартылған білім мазмұнында орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушыларға сараланған тәсілді ұйымдастыру» атты облыстық семинар өткізілді. Семинарға «Мұрагер», «Дарын», Н.Нұрмақов атындағы, Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттарының, Теміртау, Саран, Шахтинск қалаларының және Абай, Бұқаржырау аудандарының орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысты (33 адам). Семианр қатысушылары үшін 3,5,6 –сыныптарда практикалық – бағдарлы әрекеттегі сабақтар, шебер-сыныптар, коучингтер жүргізілді.
Шығармашылық шеберлік барысында орыс тілі сабақтарындағы сараланған тәсілдер мен топ құру әдістемелері туралы сұрақтар көтерілді. Кейін педагогтар өз диалогтарын коучингте жалғастырды, ол жерде жаңартылған мазмұн шеңберіндегі сабақтарда ынталандыру әдіс-тәсілдері жайлы мәселелер талқыланды.