«Ұлы дала мұрагерлері» облыстық форумның бағдарламасы қорғалды
2018 жылдың 8 қарашасында Қарағанды облысының білім басқармасында «Ұлы дала мұрагерлері» облыстық форумның бағдарламасы қорғалды. Балқаш, Приозерск қалалары, Ақтоғай, Шет аудандарының білім бөлімдері өз бағдарламаларын ұсынды. Форум 2019 жылдың мамыр айында Балқаш қаласында Қарағанды облысының әкімдігі мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ арасында қол қойылған меморандум аясында өткізу жоспарланып отыр. Форумға төрт аймақтың педагогтары, оқушылары, ата-аналары қатыспақшы.