2018 жылдың 9 қарашасында Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінде шетел тілі оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестік отырысы өтті.
Отырысқа облыс колледждерінің 27 оқытушысы қатысты.
Шетел тілі оқытушыларының 2018-2019 оқу жылына арналған ОӘБ жұмыс жоспарымен танысқаннан кейін, ОӘБ жетекшісі Карташова Г.А. оқытушылармен «Оқытудың белсенді әдістері» атты мастер-класс өткізді.
Бұдан әрі Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Шаповалова Н. П. білім беру және нормативтік құжаттар саласындағы өзгерістерге тоқталды.
ҚО ББД ОӘО әдіскері Кнашина А.А. облыс колледждерінде үштілді және көптілді білім беруді енгізуді одан әрі дамыту бойынша жұмыстың нәтижелері мен жоспарымен таныстырды.
Отырыс бағдарламасына сәйкес, Саран қ. №1 НМ КММ ағылшын тілі мұғалімдері Спринчак О. В. және Тайти С. В. критериалды бағалау жүйесі бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Директордың ОІ жөніндегі орынбасары Шаповалова Н. П. және оқытушы Карташова Г. А. 2018 жылдың 23 қарашасында өтетін «Көптілділік-әлемдік қоғамдастыққа интеграциялау жолы зияткерлік ұлттың әлеуеті ретінде» тақырыбы бойынша облыстық ғылыми – тәжірибелік конференция және 2018 жылдың 11 желтоқсанында Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжінің қабырғасында өтетін ІІ облыстық әлеуметтік-педагогикалық идеялар жәрмеңкесі туралы ақпарат берді.
Отырыс соңында колледж психологы КозловаЕ. О. «Педагогтардың кәсіби жануының алдын алу тәсілдері» тақырыбында тренинг өткізді.
Одан кейін ОӘБ жетекшісі Карташова Г. А. отырыстың қорытындысын шығарып, ұсыныстар айтты.