2018 жылдың 14-16 қарашасында мамандандырылған мектеп-интернаттарының педагогтері арасындаоблыстық «Жыл мұғалімі» байқауының 2 іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Бұл кезеңге 10 педагог қатысады. Әр мұғалім бір ашық сабақ пен бір сыныптан тыс іс-шара өткізеді.
Байқауға қатысушылардың жұмысын қазылар алқасы бағалайды. Оның құрамына Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының, «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының, педагогикалық шеберлік орталығының, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының өкілдері, Қарағанды қаласының инновациялық мектептерінің басшылары кіреді.
Сабақты бағалау өлшемдері (5 ұпай):
1. Сабақ типінің мақсатқа сәйкестігі және негізділігі.
2. Сабақтың мазмұнының мәлімделген тақырыпқа, мақсат- міндеттерге сәйкестігі.
3. Сабақтың функционалдық сауаттылықты дамытудағы мүмкіндіктері.
4. Сабақтың мақсат-міндеттеріне қол жеткізу үшін әдістер мен тәсілдерді таңдау негізділігі.
5. Сабақта әртүрлі қосымша құралдарды қолдану: тақта, электронды кітап, видео-слайд, постерлер, компиьютерлер және т.б.
6. Кері байланыстың нәтижелілігі.
7. Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігі деңгейі (оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру, сабақты ұйымдастыру үдерісінде коммуникативтік қарым-қатынастың сапасы).
8. Сабақты ұйымдастырудағы денсаулық сақтау тәсілдерін қолдану (сабақ темпі, оқу жүктемесінің адекватты көлемі, қызмет түрінің алуан түрлілігі).
9. Сабақтың тәрбиелік әлеуеті.
10. Сабақ рефлексиясы: қол жеткізген нәтижелердің қойылған мақсат-міндеттерге, олардың көлемі мен сапасына сәйкестігі.
Сыныптан тыс іс-шараны бағалау өлшемдері (5 ұпай):
1. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтарын бейнелеу.
2. Мазмұнының, әдіс-тәсілдердің оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі.
3. Іс-шараның біртұтастығы, жүйелілігі, жаңашылдығы, нәтижелілігі.
4. Сабақтың барлық кезеңінде балалар қызығушылығының жоғалмауы, қызығушылығының артуы.
5. Сабақтың дамыту әлеуеті: оқушылардың коммуникативтік мәдениетін, өмірлік дағдыларын, ынтымақтастығын, серіктестігін дамыту.
6. Рефлексия.