2018 жылдың 15 қарашасында «Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі» КММ базасында «Сервис» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің (ОӘБ) отырысы өтті.
Отырысқа облыс колледждерінің 18 оқытушысы мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
Колледж директоры Киселева И.Б. отырыс қатысушыларымен амандасып, колледж оқытушылары мен қызметкерлерін таныстырды, сонымен қатар колледж ішінде және «Майқұдық тарихы» мұражайында экскурсия өткізді.
ОӘБ жетекшісі Горбатюк Н.Н. отырыс қатысушыларын ОӘБ 2018-2019 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырды, одан кейін «Сабақты талдау педагогтың кәсіби деңгейін бағалау құралы ретінде» тақырыбында баяндама жасады.
Бұдан әрі, «Үгілмелі қамырды дайындау және Рождестволық печенье» атты кіріктірілген сабақ өткізілді. Өндірістік оқыту бойынша сабақты ө/о шебері Васильева Е.Г., шетел тілі оқытушысы Кашина В.В., арнайы пәндер оқытушысы Мерзлюк Н.Г. дайындады және өткізді.
Сабақ көптілді білім беру элементтерін қолдана отырып, «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының үшінші курс студенттерімен өткізілді.
Сабақты талқылау және талдау кезінде сабаққа қатысқан барлық отырыс қатысушылары сабақ қорытындысы бойынша жақсы пікірлер мен колледжге деген тілектерін білдірді, сондай-ақ сабақтың жоғары деңгейде өткізілгендігін бірауыздан атап өтті.
Отырыс соңында ОӘБ басшысы отырыстың қорытындысын шығарып, ұсыныстар білдірді.