«Теміржол көлігі» бағыты бойынша ОӘБ отырысы
19-11-2018 18:03
«Теміржол көлігі» бағыты бойынша ОӘБ отырысы

2018 жылдың 19 қарашасында «Қарағанды теміржол колледжі» КММ базасында «Теміржол көлігі» бағыты бойынша ОӘБ отырысы өтті. Семинарға облыстың 7 колледжінен 14 арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Келесі тақырыптарға баяндама жасады: «Аккредиттеу ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын бағалау формасы ретінде», «Жобалық қызмет студенттердің шығармашылық мүмкіндіктері мен шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру тәсілі ретінде». Сонымен қатар, «Қарағанды теміржол колледжі» КММ өндірістік оқыту шеберінің электрондық әдістемелік құралы қарастырылды.