Размер шрифта:
2018 жылдың 21 қарашасында мамандандырылған мектеп-интернаттарының педагогтері арасында өткен облыстық «Жыл мұғалімі» байқауының 2 іріктеу кезеңінің қорытындылары шығарылды
21-11-2018 16:57
2018 жылдың  21   қарашасында мамандандырылған  мектеп-интернаттарының педагогтері арасында өткен облыстық «Жыл мұғалімі» байқауының 2 іріктеу кезеңінің қорытындылары шығарылды

2018 жылдың 21 қарашасында мамандандырылған мектеп-интернаттарының педагогтері арасында өткен облыстық «Жыл мұғалімі» байқауының 2 іріктеу кезеңінің қорытындылары шығарылды. Бұл кезеңге 10 педагог қатысты. Әр мұғалім бір ашық сабақ пен бір сыныптан тыс іс-шара өткізді.

Байқауға қатысушылардың жұмысын қазылар алқасы бағалады. Оның құрамына Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының, «Сарыарқа дарыны»                                                                        аймақтық ғылыми-практикалық орталығының, педагогикалық шеберлік орталығының, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының өкілдері, Қарағанды қаласының инновациялық мектептерінің басшылары кірді.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша соңғы кезеңге жолдаманы «Білім-инновация №1» лицей-интернатының физика пәні мұғалімі Ахан Жагсалаг алды. Жоғары нәтиже көрсеткен «Білім-инновация №3» лицей-интернатының технология пәні мұғалімі Садыков Сымбат Кайратович, Н.Нұрмақов атындағы мектеп-интернатының биология пәні мұғалімі Мнуар Ернат Рамазанұлы, «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аубакирова Гулшат Зарубаевна дипломдармен марапатталды. Қалған қатысушыларға алғыс хаттар берілді.