Размер шрифта:
Математика және физика пәндері оқытушыларының ОӘБ отырысы
22-11-2018 18:18
Математика және физика пәндері оқытушыларының ОӘБ отырысы

2018 жылдың 22 қарашасында «Теміртау техникалық колледжі» КММ базасында математика және физика мұғалімдерінің ОӘБ отырысы өтті. Облыстың 31 колледжінен 37 оқытушы қатысты. Отырыс басында ОӘБ басшысы барлығын жұмыс жоспарымен таныстырды. Теміртау техникалық колледжінің оқытушылары И. А. Сухоносенко, Д. Х. Меңдібаева физика және орыс әдебиеті бойынша сыныптан тыс кіріктірілген іс-шараны көрсетті. Сонымен қатар, оқытушылар Абишева Л. Г., Мурадхаан Ж. М., Секербекова Д. Д. («Теміртау техникалық колледжі» КММ) және Идрисова М. С. («Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КММ) жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Отырыс соңында физика пәні бойынша облыстық олимпиаданы, жобалар конкурсын және «Логика» ойынын өткізу мәселелері талқыланды.