2018 жылдың 23 қарашасында Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінде «Диверсификация төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы білім беру жүйесі дамуының басым векторы ретінде» атты VII облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында «Көптілділік – ұлттың интеллектуалдық әлеуеті ретінде әлемдік қоғамдастыққа бірігу жолы» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференцияға колледж оқытушылары мен студенттері, бала бақшалар мен бөбек жайлардың тәрбиешілері, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, тіл орталықтарының өкілдері, тілді дамыту орталықтарының мамандары, шетелдік қонақтар қатысты. Конференцияға сырттай да қатысу мүмкіндігі болды. Қатысушылардың жалпы саны 142 адамды құрады.
Конференция пленарлық және секциондық отырыстардан тұрды.
Пленарлық отырысты алғы сөзімен колледж директоры Закамолкин В.А.ашты.
Одан кейін ҚО ББД ОӘО ТжКББ дамыту бөлімінің әдіскері Кнашина А.А., Саран қаласының тілдерді дамыту Орталығының латын қаріпі бойынша әдіскері Жарылгапова Б.У., Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ орыс тілі және әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Ибраев Г.У., «Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Шаповалова Н.П., Саран қаласының №1 ЖББМ мұғалімдері Спринчак О.В. және Тайти С.В., «Балғын» бала бақшасының тәрбиешілері Седова А.В. және Сергиенко Н.Н.баяндамаларымен сөз алды.
Конференцияның екінші бөлімінің жұмысы келесі 4 секция бойынша жүргізілді:
1 секция «Көптілділік қазіргі қоғам дамуының бір басымдығы ретінде». Модераторлар: Баймолдина А.С., Куленбаева А.И.;
2 секция «Көптілді білім беру жағдайындағы білім алушылардың функционалды сауаттылықтарының қалыптасуындағы педагогтың кәсіби құзыреттілігі». Модераторлар: Недова Н.В., Махаметчин Е.Д.;
3 секция «Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары – жалпы мәдени және кәсіптік құзыреттіліктерге бағытталған мамандарды даярлаудың құрамдас бөлігі». Модераторлар: Карташова Г.А., Аббазова Е.А.;
4 секция «Тілді функционалды игерудегі интеграцияланған пәндік-тілдік оқытудың ерекшеліктері мен басымдықтары». Модераторлар: Кашина Е.А., Мазур-Соцкая Т.В.
Конференция жұмысын қорытындылау кезінде модераторлар өз секцияларының жұмыстарын қорытындылап, ұсынымдар жасап, қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табыстады.