Размер шрифта:
«Бір аймақ-бір кітап» жобасы бойынша шығармашылық тобының отырысы
27-11-2018 17:58
«Бір аймақ-бір кітап» жобасы бойынша шығармашылық тобының отырысы

Бүгін Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Бір аймақ-бір кітап» жобасы бойынша шығармашылық тобының отырысы өтті.

Отырысты ұйымдастырудағы мақсат жас ұрпақтың рухани байлығының дамуына өз үлесін тигізер кітапты таңдау және жобаның жоспарына енгізу.

Отырысқа Гоголь кітапханасының «Өлкетану» бөлімінің басшысы Сандуғаш Орынбайқызы,«Болашақ» колледжінің оқытушысы, ақын Ілияс Мұқай,  Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының қызметкері  Жусупова Сәуле Жаманбайқызы, Қарағанды қаласы, №86 мектептің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі, ақын Аңсаған Қазиева, «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Нұрсұлу Бексұлтанова қатысып өз пікірлерін айтты.

Отырысқа жиылған мамандардың пікірлерін ескере отырып, осы жылы 8-11 сынып оқушылары үшін Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» романы таңдалынды.

«Кітап-білім бұлағы, білім-өмір шырағы» дегендей, өмір шырағын оқушының жүрек түкпіріне жаға алсақ, біз үшін одан асқан қуаныш жоқ. Олай болса, жас ұрпақтың көкірек көзін ашар игі шарананың болашағы жарқын болсын дейміз.