Дене тәрбиесі оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті
2018 жылдың 28 қарашасында "Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі" КММ базасында дене тәрбиесі оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Облыстың 35 колледжінен 41 оқытушы қатысты. "Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі" КММ оқытушысы Б. Т. Оспанов, "Теміртау жоғары политехникалық колледжі"КМҚК оқытушысы Е. В. Мельникова баяндама жасады. "Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі" КММ-нің оқытушылары О. Ю. Сафронкина мен А. Т. Сагадиева кіріктірілген сабақтың әдістемелік ережесін ұсынды. Сонымен қатар "Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі" КММ оқытушысы А. А. Раков "Алға, жігіттер!" сыныптан тыс іс-шарасын өткізді.