2018 жылдың 29 қарашасында Қарағанды көлік-технологиялық колледжінде «Дәнекерлеу технологиялары» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің(ОӘБ) отырысыөтті.
Отырысқа облыс колледждерінен 9 арнайы пәндер оқытушысы мен 7 өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
Отырысты алғы сөзбен Қарағанды көлік-технологиялық колледжі директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Асанов Б.М. ашты.
Әрі қарай ОӘБ жетекшісі Михайлова Г.Е. сөз алып, отырысқа қатысушыларды 2018-2019 оқу жылына арналған ОӘБ жұмыс жоспарымен таныстырды.
Одан кейін колледж ұжымы қатысушыларға колледждің арнайы пәндер аудиторияларын, оқу шеберханаларын және «Автомобиль көлігі» бағыты бойынша құзыреттілік орталығын көрсетіп, таныстырды.
Шағын экскурсиядан кейін «Білім алушылардың практикалық дағдыларын дамыту үшін кәсіби оқытуға технологияларды, тәсілдер мен әдістерді, құралдарды енгізу: көптілді білім беру, модульдік оқыту, өндірістегі кәсіби дайындық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, маңызды сұрақтар талқыланып, келесі тақырыптар бойынша баяндамалар тыңдалды:
1. «Арнайы технология сабағында CLIL әдісін қолдану», Мельник Анастасия Георгиевна, «Теміртау техникалық колледжі» КММ арнайы пәндер оқытушысы;
2. «Көптілділік – қазіргі заманғы білім берудің бір басымдығы», Сарсенбаев Ерболат Урикович, «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КММ арнайы пәндер оқытушысы;
3. «Кәсіптік оқыту мен сабақтан тыс уақытта студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту», Шишкина Татьяна Николаевна, «Бұқар-Жырау агротехникалық колледжі» КММ арнайы пәндер оқытушысы.
Отырыс соңында талқылаулар мен пікір алмасу өтіп, ОӘБ жетекшісі Михайлова Г.Е. отырыс жұмысын қорытындылап, ұсынымдарды оқыды.