«Мектеп жасына дейінгі ЕБҚ бар балаларға арналған эстетикалық- музыкалық тәрбие беру» атты семинар-практикумы
2018 жылдың 30 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының инклюзивті білім беру бөлімі мен Қарағанды қаласы «Айналайын» бөбекжайы» ҚМҚК бірлесе отырып, ҚР Тұңғыш Президенті Күніне және Халықаралық мүгедектер күні қарсаңында «Мектеп жасына дейінгі ЕБҚ бар балаларға арналған эстетикалық-музыкалық тәрбие беру» атты семинар практикумын ұйымдастырып, өткізді.
Семинарға қатысушылар, «Үміт» халықаралық мүгедектер қоғамынан келген қонақтар, Қарағанды техника-құрылыс колледжіннің ерекше білім қажеттілігі бар студенттері «Мейірімділік жолымен» атты ертеңгілікті тамашалады. Онда балабақшадағы ерекше білім қажеттіліктері бар балалар ән айтып, би билеп, тақпақ айтып, өз өнерлерін көрсетіп, келген қонақтарға өздері қолдан жасаған кәде сыйларын тарту етті.
Семинардың екінші бөлімінде облыстық мектепке дейінгі мекемелердің әдіскерлері және музыка жетекшілерінің мамандарына ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға эстетикалық-музыкалық тәрбие беру әдістері бойынша тренинг өткізілді.