Размер шрифта:
Семинар «Бастауыш мектепте функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» («Таным» жобасының шеңберінде).
31-03-2015 11:29
Семинар «Бастауыш мектепте функционалдық  сауаттылықты қалыптастыру» («Таным» жобасының шеңберінде).

Семинар «Бастауыш мектепте функционалдық

сауаттылықты қалыптастыру»

(«Таным» жобасының шеңберінде).

 

 

       2015 жылдың 31 наурызында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығында «Оқу шаттығы»жобасына қатысушы мектептер үшін «Бастауыш мектепте функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті («Таным» жобасы шеңберінде).

       Семинардың мақсаты бастауыш мектепте функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мен дамытудың әдістері және тәсілдерімен таныстыру.

      Семинар барысында ББД ОӨО әдіскері Мукашева Г.Г. семинарға қатысушыларды «Функционалдық сауаттылық» ұғымымен, «Таным» жобасымен таныстырып өтті, топтармен жұмыс атқарылды, мұғалімдер білікті-бағдарлы тапсырмалармен жұмыс жасай алу қабілетін көрсете білген мәтінмен жұмыс жасау сауаттылығына, математикалық, жаратылыстану сауаттылықтарына байланысты тапсырмалар берілді.

        Семинарға  Бұқар Жырау, Шет, Қарқаралы аудандары мен Саран, Шахтинск, Қаражал, Приозерск қалаларының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.