Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында педагог қызметкерлердің аттестаттау материалдарын қарастыру бойынша облыстық сараптамалық кеңесінің жұмысы өткізіліп жатыр.
2018 жылдың 4-6 желтоқсанында облыстық сараптамалық кеңесінің отырыстарында квалификациялық санаттардың талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында аттестатталатын педагогикалық қызметкерлердің материалдары қарастырылып талдаудан өткізілді. Сараптамалық кеңестің жұмысы 2018 жылдың 15 желтоқсанына дейін жалғастырылады.
Жұмыс соңында сараптама қорытындылары облыстық аттестаттау комиссиясына тапсырылады.